Досаев Назарбаеваға той үшін алынатын несиелерге шектеу қойылмайтынын айтты

/image/2019/07/04/crop-65_33_264x469_17-03-2019-10-19-04-01-2019-11-38-180px-a7ed02f3aca3e20ab5dd8816dbe528c9.jpg

Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев қазақстандықтар  түрлі мерекелер мен тойлар үшін алатын несие туралы айтып берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сенат отырысында спикер Дариға Назарбаева Ұлттық Банк төрғасынан үйлену тойларға алынатын несиелерге қатысты сұрақ қойған.

"Біз құрылымды жүйе бойынша қарады, тұтынушылық несиелер беретін барлық банктерде шамамен 9,5% той үшін алынған несиелер бар. Сондықтан тиісті табыстары болған жағдайда ешкімді той үшін кредит алу құқықғынан шектей алмаймыз. Тойға несие алу - әр отбасының өзі шешетін мәселе. Өкінішке қарай көп жағдайда несиені ата-аналарына рәсімдеп, қарызды сол ақшаны жұмсағандар төлеп жатады", - деп жауап берді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, елде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мүмкіндігін жіберіп алған.

"Қаржыгерлер қауымдастығымен, банктермен және жергілікті атқарушы органдармен келістік. Біз бұл жұмысты екі есе белсенді түрде жүргіземіз және түсіндіреміз. Егер несие алынған болса, ол міндетті түрде төленуі тиіс. Той үшін алынатын несиелер адамдардың жеке мақсаттары үшін, бірақ бұған тиым салу мүмкін емес. Бірақ осы мақсатта алынып жатқан несиелердің санын және алатын сомасын азайтуды қадағалаймыз", - деді ол.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар