Тоқаев ағылшыншасымен таң қалдырды (видео)

/image/2019/07/04/crop-77_14_405x720_60a706c2867061e5.jpg

Нұр-Сұлтан қаласында шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-пленарлық отырысы өтіп жатыр. аталмыш жиынға  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, министрлер және шетелдік инвесторлар қатысуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы аудитория алдында баяндама жасау үшін ағылшын тілін таңдады. Оның айтуынша, Қазақстан бірқатар экономикалық қиындықтарды бастан өткерсе де, шетелдік инвесторлармен арақатынасын суытпаған. 

"Қазіргі уақыттағы әлемдік үдеріс, әлемдік ахуал өзгерістерді талап етеді. Бұл өзгерістерден Қазақстан да шеткері қалмақ емес. Сол себепті де бүгінгі отырыс "Адам капиталын дамыту" тақырыбында өтуде деді", - Тоқаев. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар