"Ол шараға рұқсат берілмеген": Алматы полициясы 6 шілдедегі митинг туралы ескертті

/image/2019/07/04/crop-247_3_714x952_2019070416215390944_7755521f-a184-41dc-bf79-b3e42d0fa496.jpg

Полицейлер алматылықтарды Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ДВК қозғалысының рұқсат етілмеген митингтеріне қатыспауға шақырады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz Сайтына сілтеме жасап.

"Құқық қорғау қызметтері ондай күмәнді шараларға қатыспауға шақырады. Ол шараларға рұқсат берілмеген. Егер көшеге шыққандардың арасында жүрмесе – қарапайым халықтың қауіптенетін жөні жоқ", – деді Алматы Полиция Департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Митингке қатысу үшін емес, көшеде жәй жүрген қала тұрғындары байқаусызда ұсталып қалған жағдайда не істеу керек?

"Адамдар қандай жағдайда ұсталады? Заң талаптарына қайшы, полиция қызметкерлері жүрме, шықпа деген жерлермен әдейі өтетіндер ұсталады. Кездейсоқ адамдар ұсталмайды. Ұсталып жатқан жағдайда, аты-жөні анықталғаннан кейін әрбір жағдайда полиция кешірім сұрап, босатады", – деді Салтанат Әзірбек.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар