4 шілдеде Лондонда Сауторк сотында Айсұлтан Назарбаевқа қатысты алдын ала тыңдау өтті. Сот отырысында Айсұлтан Назарбаев «өзін суицидтен құтқарып қалған полицейді тістегенін» жоққа шығарды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Court News UK сайты хабарлады.
Court News UK сайтының дерегіне сүйенсек, бүгінге дейін Айсұлтан Назарбаев Лондонның оңтүстік-батысындағы Уандсворт түрмесінде отырған.
"Судья Филип Бартл Айсұлтан Назарбаевты кепілмен босатып, қаладағы Priory Group ауруханасына жіберген. Сайт Назарбаев ісі бойынша негізгі сот «келер жылы 20 наурызда басталады", - деп жазды Court News UK.
Айта кететін болақ, Айсұлтан Назарбаевтың суицид жасамақ болғаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Кейін оны полиция қызметкерін тістегені үшін қамауға алды.
Пікір қалдыру