Есірткі шөп пайдаланатын Алматылық азамат 4 жарым келі гашишпен ұсталды

/uploads/thumbnail/20170708181933718_small.jpg

Жамбыл облысына қарасты Мерке ауданының 39 жастағы тұрғыны 4 келі 412 грамм есірткі затымен Алматы қаласының полицейлерінің қолына түсті,- деп хабарлайды «Қамшы» порталы Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 1976 ж туған азамат тергеу барысында Алматы қаласына заңсыз бизнеспен айналысу үшін келгендігін мойындады. Есірткі түрі-жасыл гашиш екен. Бұл есірткілік шөпті күдікті өзі де пайдаланатынын айтқан.

Қатысты Мақалалар