2014-2015 – Қазақ журналистикасында ерекше есте қалғандар

/uploads/thumbnail/20170708181934835_small.jpg

«Қамшы» порталы ақпарат сардарларын жақындап қалған меркелерімен құттықтайды. Өткен жылғы төл меркеден биылға дейінгі әріптестеріміздің елеулі әрекеттерін санамалап шығуға тырыстық.

  1. 2014 жыл «Аңыз адам» журналы бір санын Гитлерге арнап, ондағы материалында Гитлер мен Путинді салыстырғаны үшін өздерін «Ұлы Отан соғысының ардагерлеріміз» деген бірнеше адам жыл бойы «Жұлдыздар отбасы — Аңыз адам» журналының бас редакторы -Жарылқап Қалыбайды сотқа сүйреді.
  2. Ал 2014 жылы 20 қарашада Алматы қаласының Медеу аудандық соты «ADAM bol» журналын жабу туралы шешім шығарды. Сот шешіміне қарсылық білдірген журналдың бас редакторы Гүлжан Ерғалиева 2015 жылдың 18 қаңтарынан 5 ақпанға дейін аштық жариялады. http://www.azattyq.org/content/news/26870578.html
  3. 2014 жылдың қыркүйегінде журналист Қасым Аманжол «ТАҢ» телеарнасының жаңалықтар бөліміне жетекші болып келді. Ол Украинаға барып, журналистік зерттеу жүргізіп қайтты. Қауіп- қатерге қарамай, соғыс жүріп жатқан аймақтан репортаж түсірді. Сеператистерден азат етілген аймақтарды аралап, Қырым татарларының жағдайымен танысты. Қырым қайраткерлерімен сұхбаттасып қайтты. Украина жағдайын зерттеп, қазаққа шынайы ақпарат жеткізген өте жоғарғы дәрежедегі журналистік сараптама болды. https://www.youtube.com/watch?v=PmNmeqFGAZY
  4. «Хабар» арнасының бас продюсері Ринат Кертаев Ұлытау төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбат құрды.. https://www.youtube.com/watch?v=zq5pMG6wkgo
  5. «31-арнаның» тілшісі Гүлбану Әниятқызы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің Тәуелсіздік күні Аматыда неге болмайтынын анықтады. http://qamshy.kz/?p=16599
  6. Белгілі ақын, журналист Ауыт Мұқибек қазақ көшінің жағдайын бақылап, бар қазақтың басын қосуға арналған мақалалар жариялауымен есте қалды. http://qamshy.kz/?p=23113
  7. «Қамшы» ақпараттық порталы «Қазақ хандығының 550 жылдығына» шығармашылық бәйге жариялап, 2015 жылдың 30 наурызында қорытынды жасады. Мерекелік концерт өткізіп, ел ағаларына «Қазақ хандығына 550 жыл» деген төсбелгісін тақты. Бұндай медальға журналистерден: «Жұлдыздар отбасы — Аңыз адам» журналының бас редакторы- Жарылқап Қалыбай, «31 арнаның» жаңалықтар қызметінің жекткшісі -Болат Мүрсәлім мырза мен «Таң теларнасының» жаңалықтар қызметінің жетекшісі -Қасым Аманжол ие болды. http://qamshy.kz/?p=22062
  1. Өзекті мәселелерді қозғайтын «31-арнаның» тілшісі - Ирина Советжанқызы Батыс облыстарды аралап, шалғай жатқан ауылдардағы халықтың қал- жағдайын зерделеп, шешімі табылмаған талай түйткілді жағдайды жеткізуге тырысты. http://31.kz/video/show/id/6223/
  2. Жыл бойы «azattyq.org» сайтында Ғалым Боқаш алыс- жақындағы әлем жаңалықтарын жеткізіп отырды. http://www.azattyq.org/archive/world-news/latest/332/17304.html
  3. Берік Сұлтан Алматы қаласындағы жезөкшелердің бірінен сұхбат алып, ғаламторда жариялады. http://oishogyr.kz/1108/zhezokshe_suhbat/

Тұрдыбек Құрметхан

Қатысты Мақалалар