Алматының Мамыр-1 ықшам ауданындағы бір көшеге ұлы башқұрт ақыны әрі жазушысы Мұстай Кәрімнің есімі берілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ол туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің инстаграмм парақшасында хабарлады.
"Бүгін Алматы үшін өңірдің саяси астанасы ретінде маңызды күн. Алматының Мамыр-1 ықшам ауданындағы бір көшеге ұлы башқұрт ақыны әрі жазушысы Мұстай Кәрімнің есімі берілді. Біздің белгілі ақын — жазушыларымыздың және Башқұртстаннан келетін қонақтардың қатысуымен Мұстай Кәрімнің 100 жылдығына арналған арнайы конференция өтеді. Осынау мәдени оқиғаны өткізуге атсалысқан Қазақстанның Ресейдегі Елшісі И. Тасмағамбетовке, барлық ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ризашылығымды білдіремін. Біз барлығымыз бірге Қазақстан мен Ресей, Башқұртстан мен Алматы, біздің бауырлас халықтарымыз арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыстарды дамытудың жаңа мүмкіндіктерін қалайтын боламыз", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.
Пікір қалдыру