Бүгін сот залынан босатылған бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қамауда отырған кезде кітап жазғанын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
"Түрмеде отырған 34 күн бойы мен кітап жаздым. Оның аты - "Түрме вице-министрдің көзімен". Жақын арада жарыққа шығады. Бұл өте қызықты кітап болады. Ол мен туралы автобиография емес, сан алуан адамдардың пікірі енгізіледі. Мен оны аяқтауға жақынмын. Әдеби түзетулер ғана қалды", - деді Суханбердиева.
Оның айтуынша, бұл кітапты шетелдіктер сұрап отыр. Бірақ вице-министр оны алдымен Қазақстанда таратамын дейді.
"Қазір маған баспа орталықтары хабарласып жатыр. Олар кітапты басып беруге ниетті. Мен арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистерге де таратамын", - деді Суханбердиева.
Пікір қалдыру