Бүгін Астанадағы Оқушылар сарайында танымал Голливуд актері, режиссер және продюсер Стивен Сигал балаларға арнап айкидодан шеберлік сағаттарын өткізді.
Стивен Сигал Астана күні қарсаңында өткізілетін Ұрыс өнерінің I халықаралық фестиваліне келген болатын.
Елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков Астанаға осымен бірнеше мәрте келіп отырған қадірлі мейманды күтіп алып, Қазақстанның бас қаласына қызығушылық танытып отырғанына алғыс айтты, сонымен қатар қаланың соңғы жылдары орын алған жаңа өзгерістермен таныстырды. Кейін олар шеберлік сағаттары өтуі тиіс Оқушылар сарайына беттеді.

Шеберлік сыныпқа Айкидо федерациясының спортшылары мен Оқушылар сарайының тәлімгерлері, жалпы саны 70-ке тарта адам қатысты.
https://www.youtube.com/watch?v=Vaj2FRze2uk&feature=player_embedded

