Әнші, сазгер Нұрлан Еспановты енді «актер» деп атауға да әбден болады. Себебі, аз уақыт аралығында бірнеше киноға түсіп үлгерген жұлдыз, тағы бір фильмге түспек.
Қорқынышты «Орман» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған Нұрлан мырза, кейін «Жүрегіңді бір тыңдашы» атты жаңа кинода бой көрсетіп, артынша арналардың бірінен көрсеткен болатын. Соңғы аталған жоба көптің көңілінен шықты ма, екінші бөлімі жақында жалғасын таппақ. «Жүрегіңді бір тыңдашы 2» фильмінде Нұрлан қатал әкенің рөлін сомдайтын болса, Бота есімді әнші Нұрланның жұбайы болады. Нұрланның айтуынша, киноға түсу бала кездегі арманы екен. Алайда, әншілікті тастап ешқайды кетпеймін деген, әншіге сәттілік тілейміз!