Әнші әрі актриса Аша Матайға Mysterions тобының солисті Арман Қоңырбаев тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады деп хабарлады
Comode.kz. Сондай-ақ, желіде Қоңырбаевтың Аша Матайға жасаған ұсынысы бейнеленген видео да таралып үлгерді. Бейнеден әншінің кинотеатрлардың бірінде тізерлеп отырып, Ашаға ұсыныс жасап жатқан сәтін көруге болады.
Еске салсақ, Аша Матай мен Арманның арасындағы қарым-қатынас өткен жылдың басынан бері ел назарына іліккен болатын. Алайда жұлдызды жұп бұл туралы жария етуге асықпаған еді. Екеуі сол уақытта «Жүрек сыңарым» атты композиция жазып, бірге ән айтып жүрген.
nur.kz