ҚазҰУ-де пікірсайыс турнирі өтті

/uploads/thumbnail/20170708151004690_small.jpg

Әрбір  жас  ел  болашағы үшін жасалып  жатқан  игі  бастамалардан тыс  қалмауы  тиіс.  Ел  ұланы  ретінде  қоғамдық  өзгерістерге  өзінше  үн  қосып, орнықты ой  айта  білу – перзенттік парыздарының  бірі.  Сол  себепті  ҚазҰУ,  заң  факультетінің  «Елтұтқа»  пікірталас  ұйымының  ұйытқы  болуымен   университетаралық   «Қазақстан-2050» стратегиясының  мән-маңызы атты   пікірсайыс  турнирі  өтт.  Пікірсайысқа  еліміздің бес  жоғарғы оқу  орындарының  командалары,  атап  айтқанда  Қаржы полициясы акдемиясы, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ,  Абай атындағы ҚазҰПУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ  және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  қатысты.

Пікірталас турнирінде  сайыскерлер  ««ЕХРО-2017» көрмесінің Қазақстанда өткізілуі  ақталады ма?», «Қазақстан-2050» стратегиясының  мәні  қандай?», «Әлемдік  күш  батыстан  шығысқа  қарай  ауысып жатыр ма?»  деген секілді  тақырыптар төңірегінде  пікір  алмасып,  орнықты  ойларын  айтты.  ҚазҰУ-дың «Алтын сапа»  командасының  спикері  Алдоңғаров  Құралбек  «ЕХРО-2017» көрмесі  туралы: «Бұл көрмеде  қатысушы әр бір ел  өзінің  инновациясын,  жаңа  технологиясын   алып келмек. Шетелдермен тәжірибе алмасуға  мүмкіндіктер  туады.  Сонымен  қатар, тарихтан белгілі  осы  көрменің  өткізілуі  көптеген ірі  қалалардың  үлкейіп,  әлемге  танылуына  әсер етті. Сол секілді  Астана  қаласының  да танылуына,  инфраструктурасының  жақсаруына, туристік орындарымыздың  жандануына,  жаңа ғимараттардың  салынуына  алып  келеді.  Бір сөзбен  айтқанда  еліміздің  абыройын көтеріп, экономикамыздың  өсуіне  оң әсер етеді», -  десе,  қарсы  топтың  спикері,  Қаржы  полициясы академиясының  студенті Байтенов  Бернар:  «Біздің  мұндай  ірі  жобаны  жауапкершілікке  алғанымызбен,  оны  өз  деңгейінде өткізе  алатынымызға  сенімді емеспіз.  «ЕХРО»   өте  үлкен  жоба,  үлкен  қаржы мен  қарақетті  қажет етеді.  Ал мұның  барлығына  біздің  елдің  экономикасы  қаншалықты  қауқарлы?» ,− дейді.

Екі  күнге  созылған  турнир Қаржы полициясы акдемиясы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командаларының  тең  түсуімен аяқталды.  Студенттер  марапатталып,  сый-құрмет жасалды. ҚазҰУ, заң факультетінің  Қылмыстық  құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика  кафедрасының  меңгерушісі  Джансараева  Рима  Еренатқызына  және  «Елтұтқа»  пікірталас  ұйымының  төрағасы  Әмірбек Асқарға Қаржы  полициясы академиясы  атынан арнайы  «Алғысхат» табыс етілді.

Мұндай  турнирдің өткізілуі  еліміздің  белсенді   жастарын  бір ортаға біріктіруде, өскелең ұрпақтың  елдік  істерге келгенде  ынтымақтастықта  болуын жақсартуда  маңызы зор. Бұл  турасында  заң  факультетінің  доценті  Орынбасар  Тілепбергенов: «Бұл  турнир  Қазақстандағы  жоғарғы   оқу  орындарындағы  болашақ  сапалы кадрларды дайындау  мақсатында жасалып жатқан  шаралардың  бірі.  Жастарымыздың елдің  саяси  жағдайына, экономикалық  дамуына  қосқан белгілі  бір үлесі  деп  қабылдау керек» ,− деп түйіндеді  шараны.

Жания  Әбдібек 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар