Украиндық селекционер Алла Черногуз 2018 жылы шығарылған жаңа сортты ирис гүлін әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне атады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің Facebook-тегі фан-тобындағы ақпаратқа сүйінсек, Алла Черногуз - Украина Ирис одағының координаторы. Ол 2018 жылы шығарылған ирис гүлінің сортын Димашқа арнады.
Жаңа ирис сорты - қар секілді аппақ, дәні – қызыл-сарғыш түсті. Алла Михайлованың айтуынша, ирис Димаштың дауысы секілді таза әрі жарқын.
![]()
![]()
2018 жылы шығарылған тағы бір ирис сорты Димаштың "Дайдидау" әніне арналған. Бұл ирис қызғылт түсті. Екі ирис сорты THE AMERICAN IRIS SOCIETY ( тіркеу сандары - № 18-1029 и № 18-1041) ұйымында патентелген.