Маңғыстау дәрігерлерінің еңбекақысы 230 мың теңгеге жетті

/image/2019/07/11/crop-51_48_580x1030_kzr_0809.jpg

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бас есепшісі  Татиева Алмагүлдің айтуынша, «Нұр Отан» партиясының кезекті сьезінде берген Елбасы тапсырмасына орай, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен 1 маусымнан бастап, медицина қызметкерлерінің ай сайынғы табысы 15-тен 30 процентке дейін өсті.

Көбейген еңбекақы аймақтағы 1600-ге жуық дәрігер мен 4 мыңнан астам медбикеге берілді. Мәселен, оқу орнын жаңа бітірген жас маман 80 мың теңге, ал, тәжірибелі дәрігерлер 200 мың теңгеден аса айлық ала бастады.

№1 Ақтау қалалық емханасының дәрігері Дина Омарова осыған дейін 75 мың теңге айлық алатын болса, енді маусым айынан бастап оның жалақысы 110 мың теңге болды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар