Алдағы қыркүйекте тегін медициналық көмек алу үшін емханаларға тіркелу басталады

/image/2019/07/11/crop-346_153_4147x2765_06.jpg

Бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мемлекеттік әлеуметтік-медициналық сақтандыру (МӘМС) қорының Маңғыстау облысы бойынша филиалының басшысы Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

Бақыт Торғайбайұлының айтуынша, «2013 жылы кепілдік берілген тегін медициналық көмекке 608,1 млрд теңге бөлінген болса, 2019 жылы бұл қаржы көлемі 972,7 млрд теңгеге жетті. 2017 жылы елімізде медициналық көмекке жан басына шаққанда 91
мың теңге немесе 280 АҚШ доллары жұмсалған.

Бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 35 мың теңгеге көп. Ал, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде бұл көрсеткіш 3000 доллардан асып-жығылады. Қаржы тапшылығына – технология бағасының қымбаттауы, адамдардың өмір жасының ұзаруына байланысты медициналық қызметтерді тұтыну көлемінің, медқызметті жиі пайдаланатын – балалар мен қарт кісілер
санының артуы, сондай-ақ, жұқпалы емес созылмалы аурулардың көбеюі себеп».

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар