Жалпы алғанда, тарифтерді есептеу әдістемесі де түбегейлі өзгермек. 2021 жылдан бастап тариф қалыптастыру барысында амортизациялық шығындар ескерілетін болады. Тариф мәселесіндегі негізгі өзгерістің бірі осы.
Медициналық қызметтердің нарықтағы бағасы мен мемлекеттік тарификаторды салыстырсақ тариф қалыптастыру тәсілдерінің арасындағы алшақтықты байқауға болады. Мысалы, кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде бүйрекке жасалатын УДЗ үшін 804 теңге төленеді. Ал, мемлекеттік медицина ұйымдарында УДЗ ақылы түрде жасату үшін орта
есеппен 2 230 теңге төлеу қажет.
Шешуді қажет ететін мәселенің бірі – профилактикалық қызметтерді дамыту саласы. Бұл қызметтер емханалар мен дәрігерлік
амбулаторияларда көрсетіледі. Ең алдымен осы блоктағы тарифтерді көтереміз. Себебі профилактиканың мәні зор,- деді МӘМС қоры филиалының басшысы Б.Исмаханбетов.
Басшының мәлімдеуінше, «Жыл басынан бері тарифтер екі рет көтерілді. Бірінші кезеңде – медицина саласындағы жалақысы төмен мамандардың айлығы көтерілді, екінші кезеңде – медицина ұйымдарындағы барлық қызметкерлердің жалақысы өсті.
Қаржының өсуі сатып алынатын қызмет түрлерін көбейтуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде денсаулық сақтау саласында жағымды өзгерістер болады:
- ақша көбейген соң тариф өседі,
- тариф жоғары болған соң мемлекеттік тапсырысты орындауға құлшынатын
клиникалар саны артып, бизнес жаңа клиникалар ашуға ынталы болады,
- клиника қанша көп болса, пациент үшін күрес те күшейеді,
- бәсекелестік қанша күшті болса, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы да
жоғарылайды.
МӘМС жүйесі денсаулық сақтау саласына, әрбір пациентке осындай мүмкіндіктер береді».
Пікір қалдыру