Қазақстандық боксшы Иван Дычко (9-0, 9 КО) кәбіи мансабындағы тоғызынша жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ол кезекті жекпе-жегін Холливудта (АҚШ, Флорида штаты) өткізді. Қарсыласы америкалық ауырсалмақты боксшы Нэйт Хэвен (9-2, 7 КО) болды. Жекпе-жек сегіз раунд болады деп жоспарланған. Алайда, жоспар іске аспады. Дычко екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.
Бір де бір рет жеңіліп көрмеген Иванның қоржынында тоғыз жеңіс медалі бар.
Ал қарсыласы Хэвен осынмен үшінші рет рингтен жеңіліспен қайтты.
Бұған дейін Иван Дычконың менеджері Зия Алиев биыл кем дегенде үш кездесу ұйымдастыруды жоспарлағанын айтқан болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру