Елорда әкімі тағы бір орынбасарын тағайындады

/image/2019/07/13/crop-82_8_581x774_26.png

Алтай Көлгіновтің коммуналдық шаруашылық жөніндегі жаңа орынбасары тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің аппараттық кеңесінде әкім Алтай Көлгінов кадрлық ауыс-түйіс туралы айтты. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты қала әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек қызметінен босатылды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан басшысының өкімімен Қайсағалиев Алтынбек Кеңесұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол салынып бітпеген тұрғын үйлер үлескерлерінің проблемасы, елорданы абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау және қар күреу мәселелерімен айналысатын болады. Сондай-ақ коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдарының құрылысы мен инфрақұрылымы және қоршаған ортаны қорғау да жаңа орынбасардың қарауында болмақ.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар