«Қамшы» ақпараттық порталы мен Ugai продюссерлік орталығы ұйымдастырып отырған "Қазақ дауысы" жобасына дауыс беру басталды. Жобаға қатысушылар Dauys.qamshy.kz парақшасына өтіп дауыс бере аласыздар!
Тұнығы лайланған бүгінгі қазақ әуеніне тың серпін беру, шын таланттарды сұрыптап, қазақ руханиятының төріне шығару мақсатында ұйымдастырылып отырған аталмыш жобаға әлемнің әр түкпірінен қазақ әнін шырқайтын кез келген адам қатыса алады. 25 шілдеге дейін видео қабылдау жалғасады. Видеоны ертерек ұсынсаңыз- көбірек дауыс жинау мүмкіндігіне ие боласыз. Жобаға қатысу мүмкіндігінен кешігіп қалмаңыз. Талантты адамды халқы тануы тиіс! Қазіргі кезде редакциямызға жолданған видеолар енгізіліп дауыс беру басталып кетті. Егер сіз шын өнердің жанашыры болсаңыз, өзіңізге ұнаған өнерпазға дауыс беріп, оның жеңіске жету мүмкіндігін сайт арқылы бақылап отыруыңызға болады.
Бас жүлде - 1 000 000 теңге және бағалы сыйлықтар. Алғашқы 10 жеңімпаз – ақшалай және бағалы сыйлықтар. Сондай-ақ, Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен Алматыда өтетін гала-концертте өнер көрсету мүмкіндігі.