Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын ашты

/image/2019/07/15/crop-102_47_376x501_582bf63eb05e02a671cf1e93bedfa214.jpeg

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын ашты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Айта кету керек, бұл – Қасым-Жомарт Тоқаев өткізгелі отырған алғашқы Үкімет отырысы.

"Бірінші кезекте біз жартыжылдық межедегі қоғамдық-экономикалық даму бағытын қорытындылаймыз. Жалпы, қаңтар-шілде аралығындағы қол жеткізген жетістіктеріміз жаман емес. Экономикалық өсім 4,1 пайыз, ал инфляция көрсеткіші – 5,1 пайыз. Ал тартылған инвестиция көлемі 11,7 пайызға өсті. Біздің басты мақсатымыз – мүмкіндіктерімізді толық қолдану", - деді Тоқаев отырысты ашып.

Алғашқы Үкімет отырысы Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен. Ол кезде Назарбаев министрлердің жұмыс істемейтінін айтып, сынға алған-ды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар