Forbes журналы 2019 жылы ең көп қаржы төленген спортшылардың тізімін жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Тізімге қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин енген. GGG-дің биыл тапқан жалпы табысы 25,5 млн доллардан асып үлгерді. Оның 23,5 миллион доллары - Роллспен айқасы үшін гонорар, ал 2 миллион доллар - демеушілік келісімшарттардан түскен.
Forbes рейтингінде Головкин 95-орынға тұрақтаған және посткеңестік елдер арасында тізімге енген жалғыз спортшы атанды.
Еске сала кетсек, канадалық боксшы Стив Роллспен кездесу Головкин үшін Dazn алаңындағы алғашқы айқас болды. Dazn-мен келісімшарт аясында 100 миллион долларға бағаланған тағы бес кездесу жоспарланып отыр.
Пікір қалдыру