Ресейлік БАҚ Путиннің егізін әшкереледі

/uploads/thumbnail/20170708182123219_small.jpg

Осы уақытқа дейін әлеуметтік ортада, халық арасында әлемнің алып мемлекеттерінің тізгінін ұстап отырған Президенттердің  төтенше жағдайларға арнайы дайындалған «егіздері» болады деген миф тарап келген болатын. Бүгін ресейлік арналар таратқан ақпарат осы бір жұмбақтың шешімін тауып бергендей болды.

Replyua.net агенттігі таратқан ақпараттарға сүйенсек, ресейлік БАҚ РФ Президенті Владимир Путинді бір мезетте екі түрлі қаладағы, екі түрлі жиыннан көріп қалған.

Қазіргі таңда Кремльде РФ Қоғамдық палатасының 10 жылдығына арналған ресми жиын өтуде. Ал РФ Қоғамдық палатасының сайты осы жиыннан тікелей хабарлар таратуда. Онда Ресей Президентінің ресми жиынға қатысып отырғанын анық байқауға болады.

Сонымен қатар, алтайлық БАҚ өкілдері Ресей Президентінің дәл қазіргі уақытта Таулы Алтайда жүргенін түсіріп алған. Жергілікті журналистердің хабарлауынша, Президент Путин бірнеше күн бұрын Таулы Алтайдағы өзінің саяжайына келген. Алтай әуежайына  қонған Президент ұшағына 5 бірдей қосымша борд еріп келген. Әдетте Президенттің ұшағына қосымша бірнеше ұшақ еріп жүргенімен, бұл жолы әскери жабдықталған қосымша 5 ұшақ ере келген.

Осылайша Путин мырзаның жасырын ойыны әшкереленіп қалды. Әйтпегенде, бір адамның бір мезетте бір-бірінен шалғай жатқан екі қалада болуы ақылға сыйымсыз емес пе?

Айтпақшы, осы жылдың ақпан айында, ресейлік оппозиционер Навальныйдың мәлімдемесі есіңізде болар. Онда, оппозиция саясаткер «Минскдегі келіссөздерге Путиннің «егізі» барды» деген болатын. Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар