Ер адам Алматыдағы Сайран көліне батып қайтыс болды

/uploads/thumbnail/20170708182129887_small.jpg
Кеше Алматы қаласының орталығындағы Сайран көліне орта жастағы ер азамат батып кетті. Бұл туралы «Қамшы» порталы  www.yvision.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқару қызметінің сүңгуірлері көл түбінен орта жастағы ер азаматтың денесін алып шыққан. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, мәйітті іздеу жұмыстары бірнеше сағатқа созылған.

11651992_934553103253825_232242615_n

Оқиға 26 маусым күні кешкі уақытта, Сайран көлінің Төбе би көшесі бойындағы бақылау мұнарасы маңында болған. Іздеу жұмыстары бірнеше сағаттарға созылғандықтан, суға батып кеткен азамат  жан тапсырған. Ал оқиға кезінде марқұмның жанында туыстары болмаған.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті өкілдері марқұмның жеке тұлғасын анықтаған. Ол: Жұмаділов. Г. 1972 ж.

26-маусым күні кешкі 18:30 шамасында Алматы қалалық ТЖД-ға қоңырау түседі. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар мен сүңгуірлер тобы кешкі 20:50 шамасында мәйітті судан алып шыққан. Кейін анықталғандай, мәйіт жағадан 90 метр қашықтыққа ағып кеткен.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар