Ең әйгілі ұлттық университеттің қабырғасынан шығып жатқан дау бүгін болмаса ертең бәрібір шығар еді. Өкінішке қарай "ұлттық" деген жоғарғы оқу орындары іс жүзінде қаржы тұрғысынан ешкімге есеп бермейді. Яғни өкіметтен алған ақша, студенттен түскен қаржы қаншалықты тиімді жұмсалып жатыр деген сұраққа жауап жоқ. Салдарынан жемқорлық күшейеді. Әрбір ЖОО жылына бір рет міндетті түрде тәуелсіз аудиторлық тексерістен өтіп, өз студенттері мен xалық қалаулыларының алдында ашық есеп беруге міндеттелу керек деп ойлаймын. Дәурен Бабамұрат, facebook