"Бақытты отбасы". Алматыда пәтер алуға құжаттар қабылданады

/image/2019/07/19/crop-39_18_488x867_30649cd586e7f12c8fb28568cb00e9ac-e1477923874854-896x515.jpg

Құжаттар www.baqytty-otbasy.kz сайтында қабылданады. Операция электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүргізіледі. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде жүргізетін бұл бағытты «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" жүзеге асырмақ.

Бағдарлама бойынша тұрғын үй кредитін берудің шарттары төмендегідей:

  • Қарыз сомасы – 15 млн теңгеге дейін;
  • Бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%-ы;
  • Несиенің пайыздық мөлшерлемесі – жылдық 2%;
  • Бағдарлама қатысушылары сатып алатын тұрғын үйді жаңа үйлерден де, ескі үйлерден де таңдай алады;
  • Кепілдікті қамтамасыз ету – сатып алынатын тұрғын үй немесе «ҚТҚЖБ» АҚ-ның тиісті талаптарына сай келетін өзге мүлік.

Өтініш беруші отбасының әрбір мүшесінің табысы айына 42 500 теңгеден аспауы тиіс. Соңғы 6 айда орташа табысының болуы міндетті.

Толық емес отбасыларда некені бұзу сәтінен 3 жыл мерзім өтуі тиіс.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар