Белгілі айтыскер ақын Ринат Заитов өзіне жолданған эстафетаны қабыл алып, Абайдың өлеңін оқыды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай Абай өлеңдерін оқу эстафетасын аға Берік Уәлиден қабыл алып, Абайдың "Нұрлы аспанға тырысып өскенің сен" атты өлеңін оқып бергелі отырмын", - деді Ринат Заитов.
Сондай-ақ айтыскер ақын эстафетаны Алтай мен Маңғыстаудың арасында Абайды танитын күллі қазаққа жолдады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру