Қазақстан тағы 10 мемлекетке визасыз жүйе енгізбек

/uploads/thumbnail/20170708182156710_small.jpg
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде визасыз кіруге рұқсат етілген мемлекеттер саны көбейтінін мәлімдеді. 07-448 Бұл туралы мемлкет басшысы Миланда өткен Қазақстан-Италия бизнес форумында мәлім етті. Президент осылайша республикамыздың ашық еңбек нарығын қалыптастыруды көздеп отырғанын жеткізді. “Инвесторлардың шетелдік жұмыс күшін қандай да бір квотасыз және рұқсатсыз әкелуге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар әлемнің 10 елінің инвесторлары үшін визасыз жүйе орнатылған, бұл тізімге Италия да кіреді. Биылғы 15 шілдеден бастап инвесторлар үшін визасыз жүйені ұзартамыз. Оның қатары тағы 10 ел – Швейцария, Испания, Бельгия, Венгрия, Монако, Сингапур, Австралия, Норвегия, Швеция және Финляндия арқылы толығады. Әлемде инвесторлар үшін осындай шарттар ұсынатын мемлекеттер көп емес деп ойлаймын”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қатысты Мақалалар