Әдетте көп үн қатпайтын Кәрім Мәсімов терроризм мен экстремизмнің ошағы Facebookтен басталып, WhatsAppқа дейінгі әлеуметтік желіде өріс алады дегендей мағынада мәлімдеме жасап, алаңдаушылық білдірген екен. Tengrinews.kz агенттігі оған қатты мән беріп отырғанға ұқсайды. Премьер-министр қазақ тіліне шорқақ әрі бұл желілердің орыс тіліндегі нұсқасын ғана оқитындығын ескерсек, Мәсімовтің сөзімен толықтай келісуге болады. Келісе отырып, Қазақстанның әлеуметтік желілерінде орысша мәтін жазып таратуға қатаң тыйым салатын Қаулы қабылдап тастаса тіпті қатып кетер еді. Расында, ұлтқа қауіп төндіретін, елдің тәуелсіздігіне қатерлі түрлі насихат өзге тілде әрі шетелдер тарапынан жүрілетіндігін ескерсек, ең дұрыс қадам осы болмай ма?
Қуандық Шамахай, Facebook парақшасынан