Kaspi-дің Қауіпсіздік қызметі Павлодар облыстық ІІД-мен бірлесіп, Kaspi-дің бұрынғы қызметкері, алаяқтық жасады деп айыпталған күдікті Руслан Сексембаевты тұтқындады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесінде күдікті 21 шілдеде Екібастұз қаласында ұсталды.
⠀
Сексембаев клиенттерге кепілдегі жылжымайтын мүлікті төмен бағаға сатып алуға көмек көрсетем деп уәде берген. Ол азаматтардың сеніміне кіріп, алдау арқылы оларды өзінің жеке шотына қаражат аударуға көндіріп, артынан бой тасалаған.
⠀
Күдіктіні ұстауға жәрдемдескені үшін Kaspi Сексембаевтың орналасқан жері туралы ақпарат берген азаматқа 10 миллион теңге мөлшерінде сыйақы төледі. Бұл азаматтың аты-жөні оның қауіпсіздігі мақсатында және тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Пікір қалдыру