ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы пресс-конференцияда болған әйелдер арасындағы төбелес туралы айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысынан кейін министр журналисттердің Алматыдағы пресс-конференцияда болған әйелдер арасындағы төбелеске қатысты ойын айтты.
– Кеше Алматыда болған жиында екі тарап өзара жанжал шығарып, одан кейін бұл оқиға елге тарап кетті. Қазір екі тараптың адамдары да жарақат алғаны, өздеріне қарсы бұзақылық әрекет жасалғаны туралы арыз жазып тастады. Полицияға да, дәрігерге де жүгінді. Дәл қазір екі арыз тіркелген, оларды тексереміз, – деді Тұрғымбаев.
22 шілдеде Қазақстандағы Адам құқығы жөніндегі халықаралық бюроның баспасөз орталығында төбелес болды. Журналистердің камералары шағылып, смартфондары мен диктофондары тартып алынды, Бюро қызметкерлері де смартфондарынан айырылып қалған.
Пікір қалдыру