14 жастағы ақтаулық бала алаңға жүгіріп шығып, Криштиану Роналдумен суретке түсті (видео)

/image/2019/07/23/crop-31_8_397x529_5d3576fe7dacf677045716.jpg

14 жастағы ақтаулық бала Сингапурда өтіп жатқан «Ювентус» -«Тоттенхэм» матчы кезінде алаңға жүгіріп шығып, әйгілі Криштиану Роналдумен суретке түсті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Қазақстандық бала 21 шілде күні өткен матчты әкесімен бірге тамашалаған. Әкесі оған бұл матчты оның туған күніне тарту еткен екен.

14 жастағы Ахмади Ержанов португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың жанкүйері. Оның әкесі алғашында ұлына «Ювентустың» футбол лагеріне жолдама сыйламақ болған. Одан кейін ер адам «Ювентус» – «Тоттенхэм» матчына билеттер сатып алады. 

Естеріңізге сала кетейік, «Ювентус» – «Тотенхэм» матчы 21 шілдеде Сингапурде өтті. Ойын 3:2есебімен «Тоттенхэмнің» жеңісімен аяқталды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар