Үндістанда туған "үшбасты" сәби дәрігерлерді таңғалдырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ktk.kz сайтына сілтеме жасап.
Қыз бала 11 шілде күні Уттар-Прадеш штатында өмірге келген.
Сәби сирек кездесетін дертке шалдыққан. Дәрігерлер балада энцефалоцеленді анықтады. Ол бас сүйегі мен мидың туа біткен ақауы, миының бір бөлігі бас сүйегінің сыртында орналасқан.
Сүйек тіні дұрыс бітпегендіктен қыз баланың бір қарағанда үш басы бар секілді көрінеді.
Дәрігерлер анасының жүктілігі қалыпты өткенін айтады. Қазір сәбидің дұрыс жетілмеуіне не себеп болғанын мамандар анықтап жатыр.
"Бұл өте сирек кездесетін дерт", - деді ұйымның бақылаушы өкілі Раджеш Тхакур.
"Баланың денесі толық жетілмеген. Біз тексеруден өткізіп, сосын ота арқылы баланың бастарын ажыратамыз", - дейді дәрігерлер.
Пікір қалдыру