Біз сапалы әрі пайдалы өнімдер арқылы әлемді өзгерте аламыз

/image/2019/07/27/crop-2_11_581x774_112715244500.JPG

Жылда  24 шілдеде Халықаралық өзіңе қамқорлық көрсету күні (International Self-Care day) аталып өтіледі. Бұл күннің маңыздылығын айта отырып, Danone компаниясы БАҚ өкілдеріне қазақстандықтардың сүт өнімдерін тұтыну көрсеткіштерімен бөлісті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Danone

Қазақстандағы Danone компаниясының сарапшыларының айтуы бойынша, елімізде сүт өнімдерін аз тұтыну салдарынан остеопороз дертінің (сүйекті зақымдайтын созылмалы жүйелі ауру) кеңінен таралуы мүмкін. Ресми мәліметке сүйенсек, қазақстандықтардың сүт өнімдерін пайдалану көрсеткіші күніне 700 граммды немесе ересек адамдарға шаққандағы минималды тәуліктік көрсеткіштің 79%-ын құрайды. Дәрігерлер Қазақстандағы остеопороз дертінің 2012 жылдан бастап 8 мәрте* өскенін айтады.

danone

Ағзаның тұрақты қызмет етуі үшін адамзат баласына күнделікті кальций мен өзге микроэлементердің толықтыру қажет. Ағзаға қажетті элементтердің барлығы сүт өнімдерінде бар. Сүт өнімдерінің үш өлшемінде кальцийдің тәуліктік көлемінің 80%-ы және 250-ге жуық пайдалы элементтер бар.  Адамзат баласы үшін ең маңыздысы – ол аминоқышқылдарға толы сүт ақуызы.

Danone

Дінмұхамед Айсаутов, Қазақстан, Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі Danone компаниясының корпоративтік байланыс жөніндегі директоры, директорлар кеңесінің мүшесі: «Биыл біздің компания алғашқы йогурт өнімін шығарғанынан бастап 100 жылдық мерейтойын атап отыр. Компания мен оның әлем бойынша филиалдарының басты ұстанымы - "One planet. One health" («Бір әлем. Бір денсаулық»). Біз сапалы әрі пайдалы өнімдер арқылы әлемді өзгерте аламыз. Бұл қазіргі замандағы денсаулықты нығайтудағы тамақтану мен өмір салтын өзгертуге бағытталған ауқымды жұмыс»

Danone

Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі тұтынушыларды сүт өнімдерімен толық қамтамасыз ету мақсатында Danone-Berkut зауыты жылына 12 000 тонна таза ферма сүтін қайта өндіреді. Зауыт жергілікті шаруа қожалықтары мен жеке фермаларға тұрақты түрде қолдау көрсетіп, қызметкерлерге дәріс сабақтарын жүргізіп, сүт өнімдерінің сапалы өндірісі бойынша кеңес беріп, сақтау мен салқындатуға қажетті өндірісті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Таза сүтпен қамтамасыз ететін 13 шаруа қожалығының жұмыс бағаланып, компания стандартына сәйкес келетін 9 ферма таңдап алынды. Осы 9 ферма зауытқа тұрақты түрде таза сүтті жеткізеді.

«Біздің компания үшін өндірілген өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі басты орында. Таза сүтті қабылдап алудан бастап, дүкендегі дайын өнімге дейін өндірістің барлық кезеңінде біздің өнім бірнеше мәртелік сапа бақылауын өткізіледі. Таза сүт зауытқа қабылданып, өндіріске жіберілместен бұрын ол сапа мен қауіпсіздіктің 17 параметрі бойынша сынамадан өткізіледі. Өндіріс кезеңінде де дайын өнім дүкен сөрелеріне жеткізілместен бұрын 30-дан астам сараптама жүргізіледі,» - деді Қазақстандағы Danone зауытының директоры Виктор Юзефович.

Қазақстандағы серіктестік пен болашақ жоспарлар жайында айтатын болсақ, компания үшін алдағы жылдардағы басты мақсаттардың бірі - әлеуметтік жауапкершілік пен инвестицияларды Алматы облысындағы шаруа қожалықтарын дамытуға бағыттау.

Ақпараттық анықтама:

danone

Danone – әлем бойынша қышқыл сүт өндірісінің көшбасшысы және пайдалы тағамдар өндірушілерінің бірі саналатын глобалды компания. Әлем бойынша бес құрлықтың 120 елінде орналасқан Danonе бөлімдерінде 100 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Danone басты қағидасы – «Тағам арқылы неғұрлым көп адамзат баласына денсаулық сыйлау»

Қазақстанда Danone компаниясы 44 сүт өнімін шығарады. Оның ішінде Danone, «Активиа», «Растишка», «Bio Баланс» т.б. сауда белгілері бар. Ресей мен ТМД елдеріндегі компанияның сауда айналымы 100 млрд рубльден асады.

Қазақстанда өндірілетін сүт өнімдері Кавказ бен Орта Азия елдерінде ұсынылған.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Сайланбайұлы Манзоров та Алматы облысы Іле ауданында орналасқан “Danone Berkut” мекемесіне сапар жасап қайтты. 

Danone

Бағдат Мәнзоров алғашқы сапарын Алматы облысының экономикалық күретамыры саналатын Іле ауданынан бастады. Іле ауданы бойынша 250 өнеркәсіп нысаны бар. Өнеркәсібі қатты дамыған, инвестиция және налог жағынан алдыңғы шептегі аймақтың бірі. 

2019 жылдың 26 шілдесінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Сайланбайұлы Манзоров Алматы облысы Іле ауданында орналасқан Франция компаниясының «Danone» сүт өнімдерін шығаратын зауытына арнайы келіп, мекеменің қызметімен танысты. Бағдат Сайланбайұлы өндірістің тыныс-тіршілігін көріп, қызметкерлермен кездесті. Сапар барысында Бағдат Сайланбайұлы сүттен шығарылатын өнімнің сапасы мен зауыттың тазалығын жоғары бағалап, мекеме ұжымына игі тілектер айтты. Өз кезегінде Қазақстан, Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі Danone компаниясының корпоративтік байланыс жөніндегі директоры Дінмұхамед Айсаутов Алматы облысы әкімінің орынбасарына кәсіпкерлер мен жеке шаруашылық қожалықтарына әрдайым көрсетілетін қолдауы үшін алғысын білдірді. «Біз үшін жергілікті билік өкілдерінің көмегі өте маңызды. Әрқашанда кез келген сұрақтарға жауап алып, көмек-қолдауына алғыс айтамыз!» - деді Дінмұхамед Айсаутов

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар