Елордада Азия елдері қаламгерлерінің I форумы өтіп жатыр (видео)

/image/2019/09/04/crop-55_-1_426x569_190904102617485e.jpg

Елордада Азия елдері қаламгерлерінің I форумы басталды. Пленарлық отырысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24 телеарнасының сайтына сілтеме жасап. 

Алқалы жиынға 38 елден ұзын ырғасы 80-ге жуық жазушы келді. Арасында Нобель сыйлығының номинанттары да бар. Тұңғыш рет ұйымдастырылған форумға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады.

Форумға Азия елдерінің 300-ге жуық ақын-жазушысы келді. Олардың ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары, ұлттық және мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері, жазушылар одақтары мен қауымдастықтарының төрағалары да бар. Жиынның негізгі мақсаты – Азия елдері арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайту және тәжірибе алмасу.

Форумның пленарлық отырысына Нобель сыйлығының номинанттары Ко Ын (Оңтүстік Корея), Моза әл-Мальки (Қатар), Мэнд-ООЕО (Моңғолия), Оңтүстік Азия халықаралық сыйлығының лауреаты Амар Митра (Үндістан), Әзербайжанның халық жазушысы Анар Расул Рзаев және тағы басқа танымал тұлғалар баяндама жасайды.

Астанада жиналған қаламгерлер қауымы әдебиет саласындағы өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай, Азия авторларының құқықтарын қорғайтын ортақ ұйым құру жайын да қарастырады. Азия елдерінің қаламгерлері арасында халықаралық сыйлық тағайындау бастамасы да талқыға салынады.

Форум бағдарламасында TED форматындағы форсайт сессиялар, танымал жазушылардың шеберлік сабақтары, "Қаламгерлер" аллеясының ашылуы, жас ақын-жазушалармен кездесулер және тағы басқа шаралар жоспарланған.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар