Латын әліпбиіне көшу тағы 10 жылға созыла ма?

/image/2019/07/16/crop-6_0_387x516_latyn-735x400.jpg

Қазақстанда латын графикасына ауысу 2020-2035 жылдарға созылады деген мәліметті мәдениет және спорт министрлігі жоққа шығарды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін "Известия" басылымы жариялаған жаңалыққа сәйкес, Қазақстан үкіметі "латын әліпбиіне көшуді тағы он жылға созу" мәселесін қарастырып жатыр-мыс.

"Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" жарлығына сәйкес Қазақстан үкіметі әліпбиді 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен ауыстыру үшін шаралар жоспарын бекітті", - деп мәдениет және спорт министрлігінің тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешов.

Латын әліпбиіне көшу шараларының жоспары үш кезеңнен тұрады. 2018-2020 жылдары нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, жаңа әліпбидің жазу ережелерін құрастыру және мәтіндерді латын графикасына көшіріп жазатын IТ қосымашалар жасап шығару көзделген.

"Келесі кезең 2021-2023 жылдарға жоспарланған. Осы аралықта мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілер латын графикасына көшіріледі, төлқұжат, жеке куәлік және басқа құжаттар айырбасталады", - деп атап өтті Мелдешов.

2024-2025 жылдары мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар іс қағаздарын латын әліпбиінде жүргізе бастайды. Мемлекеттік БАҚ пен білім беру мекемелері де латын графикасына ауысады.

"Қазір 2020-2025 жылдарға тілдерді дамыту және қолдану туралы мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп жатыр. Негізгі мақсат – латын графикасы негізінде қазақ әліпбиін жаңғырту", - деді Мелдешов.

Айта кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуі тиіс. Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев әліпбидегі кемшіліктер  жайлы қоғамның пікірі ескерілетінін айтты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар