Атырауда өткен #birge# TazaQazaqstan» экологиялық акциясына 8 мыңға жуық тұрғын қатысты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
27-ші шілдеде Атырау қаласында « #birge# TazaQazaqstan» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Санитарлық тазалыққа 8 мыңға жуық қала және қала маңындағы ауылдық округ тұрғындары, соның ішінде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын, өнеркәсіп ұжымдары сондай-ақ, еріктілер тобы қатысып, 37-ден астам техника жұмылдырылды. Науқан барысында Жайық өзені және қала аумағындағы барлық су тоғандарының жағалауларын ірілі-ұсақты қоқыс қалдықтарынан тазарту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 17 тонна қоқыс жиналып алынды.
- Атырауда санитарлық тазалық науқаны басталғалы бері қала және аудан тұрғындары бір ауыздан қолдауда, Жайық өзені жағалауларын және су тоғандарын жалпы қаланы тазалауға бүгін 8-мыңға тарта тұрғын атсалысты. Сондықтан барлық сенбілікке қатысушыларға облыс әкімдігінің атынан алғысымды айтамын. Жәнеде қала аумағына санитарлық тазалық жүргізу жұмыстары мұнымен шектелмейді. Жоспарға сай әр айдың үшінші аптасында сенбілік ұйымдастырылатын болады», - дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев
Пікір қалдыру