"ҚазАвтоЖол" ҰК" Маңғыстау облыстық филиалының басшысы "Альянс-ИКО" ЖШС директорының орынбасары және бас инженерімен ауыз жаласып, бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департаменттің дерегі бойынша, олар Өзбекстанмен шекаралас аумақта салынған республикалық маңыздағы "Бейнеу-Ақжігіт" жолын салуда жалған актілер толтырып, бюжеттің 552 млн теңгесін жымқырды деген күдікке ілінген.
Бұл жолға бюджеттен ақша "Нұрлы-Жол" бағдарламасы бойынша бөлінген. Тергеу шаралары әлі жүргізіліп жатыр.
Пікір қалдыру