Украинаның экс-президенті отбасысымен бірге Украинадан екі ұшақпен Германия және Біріккен Араб Әмірлігіне ұшып кетті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Страна" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
28-шілде күні Петр Порошенко, Алексей Порошенко, Юлия Порошенко және Елизавета Порошенко Киевтен Ыстамбұлға, одан әрі, Түркияның бұрынғы астанасынан Дубайға ұшып кетті.
Ал отбасының қалған мүшелері 23-шілде күні Мюнхенге кеткен болатын.
Естеріңге сала кетейік, ГБР Порошенконы 2014 жылғы майданға байланысты кезекті жауап алуға 12-тамыз күніне белгіленген болатын.
Пікір қалдыру