31 шілде күні сағат түнгі 03:00-ден бастап кешкі 17:00-ге дейін Қазақстанда телехабар мен радиохабар тарату желісінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар және жабдықтарды бақылау өлшемдері жүргізілетін болады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазтелерадио сайтына сілтеме жасап.
"31.07.2019 ж. 03:00-ден 17: 00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ.уақыты), эфирлік цифрлық, аналогты телехабар тарату және радиохабар тарату желісінде жоспарлы- профилактикалық жұмыстары және жабдықтарды бақылау өлшемдері жүргізілетін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.
Пікір қалдыру