2019 жылдың алғашқы жартысында елден 22,3 мың адам көшіп кеткен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі lsm.kz-ке сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің дерегінше, кеткендердің көбі – 19 650 адам Ресейге қоныс аударған. 1,4 мың адам Германияға, 321 адам Польшаға, 238 адам Өзбекстанға, 162 адам Беларусьқа, 129 адам Қырғызстанға көшкен. Сондай-ақ АҚШ-қа 130, Израильге 53, Канадаға 45 адам біржола аттанған.
Жыраққа жылыстаушылардың арасында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары көп. Ол жақтан 3 мың адам шетел асқан. Қостанай облысынан 2,9 мың адам, Қарағанды облысынан 2,8 мың, Павлодар облысынан 2,3 мың, елордадан 2 мыңнан астам, Алматыдан 1,9 мың адам отанын тастап кеткен.
Шетелге кетушілер арасындағы ең төменгі көрсеткіш Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында тіркеліп отыр.
Пікір қалдыру