ОҚО-да қаржы орталығы аналарды да жұмыспен қамтымақ

/uploads/thumbnail/0_small.jpg
ОҚО-да жаңа қаржы орталығы салынбақшы. Мұны облыс әкімі А.Мырзахметов еліміздің өзге аймақтарынан Оңтүстікке арнайы келген облыстық, қалалық мәслихат хатшыларымен кездесу барысында айтты деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы биылғы жылдың еліміз үшін мерейлі даталарға толы екендігіне ерекше тоқталып, облыс аумағында атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша баяндаған. Өз кезегінде облыс әкімі соңғы бес жылда өңір экономикасының екі жарым есе өскенін айтып, индустрияландырудың алғашқы бес жылдығы қорытындысы бойынша облыста 137 жобаның іске асқанын, 11 аудан мен 4 қалада индустриалды аймақтардың бой түзегенін жеткізді. Оңтүстікте жылыжай аумағы мың гектарға жеткен. Өңірде жылына орта есеппен 200 га жаңа жылыжай шаруашылығы іске қосылады. Соның нәтижесінде жұмыссыз жастар ғана емес, шаруашылыққа бейім аналар қауымы да жұмысқа тартылмақ. Осы және өзге де толымды істер жайы баяндалған жиында облыс басшысы Елбасының тапсырмасымен Шымкент қаласында жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың бой көтергенін айтқан. Жиын соңында мәслихат хатшылары сөз алып, Шымкент қаласының сәулеттік келбеті соңғы жылдары жақсы жағына қарай өзгергенін тілге тиек етіп, облыстық әкмдіктің жүйелі жұмысына өз алғыстарын білдірген. Сонымен қатар, мәслихат хатшылары Түркістан қаласында өткен «Елбасы Н.Назарбаевтың бағдарламасын іске асырудағы Қазақстан мәслихаттары депутаттарының рөлі: Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес институционалды реформалар» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан. Өз кезегінде облыс әкімі соңғы бес жылда өңір экономикасының екі жарым есе өскенін айтып, индустрияландырудың алғашқы бес жылдығы қорытындысы бойынша облыста 137 жобаның іске асқанын, 11 аудан мен 4 қалада индустриалды аймақтардың бой түзегенін жеткізді. Оңтүстікте жылыжай аумағы мың гектарға жеткен. Өңірде жылына орта есеппен 200 га жаңа жылыжай шаруашылығы іске қосылады. Соның нәтижесінде жұмыссыз жастар ғана емес, шаруашылыққа бейім аналар қауымы да жұмысқа тартылмақ. Осы және өзге де толымды істер жайы баяндалған жиында облыс басшысы Елбасының тапсырмасымен Шымкент қаласында жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың бой көтергенін айтқан.

Қатысты Мақалалар