Жаңбыр жауып, күн салқындайды

/image/2019/08/09/crop-36_29_162x288_1436441938u9ndc.jpg

Жақын күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді.

Қазгидрометтің мәліметінше, елдің барлық дерлік аумағында жауын жауып, күн салқындайды.

10-12 тамыз күндері жаңбыр жауып, жел тұруы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ жауады. Ауа температурасы +18 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Синоптиктер бұны Скандинавия түбегінен келе жатқан сиклонмен байланыстырады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар