Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні халыққа жолдау жолдайтын болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы президент өз Twitter парақшасында жазған. Жолдауда парламент пен үкіметке қандай тапсырма беретінін де жазды мемлекет басшысы.
"2-қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі.",- делінген президент парақшасындағы жазбада.
Пікір қалдыру