Мас адамды өлдіге санаған кімдер?

/image/2019/08/11/crop-2_26_210x408_529432.jpg

Ақтау қаласында жол үстінде жатқан ер адамды өлдіге санап жіберген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жария болған мәліметке сүйенсек, кезекші бөлімге №40 үйдің жанындағы жол үстінде ер адамның мәйіті жатқаны туралы ақпарат келген.

«Қоңырау бойынша аталған орынға жеткен полицяи қызметкерлері ер адамның шектен тыс алкоголь өнімін тұтынғанын анықтады. Оны медициналық анықтама алу үшін бөлімшеге алып кеткен. Артынша ер адамның үстінен әкімшілік құқық бұзғаны үшін хаттама толтырған. Ер адам қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін бес АЕК, 12 625 теңге айыппұл төлейді», - деп мәлімдеді жауаптылар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар