Арыс қаласының тұрғыны мемлекеттен өтемақы алу үшін өз үйін бұзып тастаған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Аталған ұятты әрекетті әшкерелеу үшін облыстық әкімшіліктің баспасөз хатшысы Сәкен Қалқаманов өзінің желідегі парақшасына қос видео жүктеді.
«Бассыздықтың бұдан жоғары деңгейі бар ма? Арыс қаласының Төле би 183 мекен-жайында тұратын тұрғыны өзінің үйін балталап тастапты. Алғашқы видеода үй егесінің құрылысшылармен келіспей, оларға үйді бұзуды талап еткені көрінеді. Ал келесі күні үй ахуалы келесі видеодағыдай болған», - дейді Қалқаманов.
«Өз мүлкіңді саналы түрде бүлдіру – шектен шыққандық», - деді ол.
Пікір қалдыру