Қарқаралыдағы Ұлттық саябақ өрт құшағында: Тажал ма, ТЖ ма? (видео)

/image/2019/08/14/photo_289791.jpeg

Қарқаралыдағы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын өрттен арашалау үшін құтқарушылар екінші тәулік жұмыс жасап жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрттің жалпы аумағы бүгін 700 гектарды құрап отыр. Оның 180 гектары қалың орман.

«Құтқарушыларға көмек ретінде Ұлттық гвардияның №52859 әскери бөлімінің қатарынан қосымша күш жөнелтілмек», - деп мәлімдеді ТЖД.

Қазіргі уақытта Қарқаралы ауданында төтенше жағдай режимі жарияланып, қажетті шаралар атқарылуда.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар