Бақытжан Сағынтаев су басқан аймақтың тұрғындарымен кездесті

/image/2019/08/14/photo_2019-08-14_10-10-18.jpg

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қарғалы өзенінің басындағы көлде атқарылған жұмыстар жайында айтып берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Жоғары жақтан келе жатырмын. Таң атқалы сол жақта жүрміз.Тиісті шаралар қабылданды.Қорқатын ештеңе жоқ. Құдай сақтасын. Жаздай жұмыстар атқарылды. Көлдің басында экскаваторлар жұмыс істеді. Олар жаздай жерді қазып суды жіберіп отырған.77 мың текше метр суды 26 мың текше метрге дейін түсірген.Соның арқасында қазір су аз келді.

Енді, қазір жоғары жақтан хабар беріп жатыр, көлден аққан су тоқтады.Өзінің қарқынымен ағып келеді. Мына бөгетке дейін 22 шақырым, су өзен арнасымен ағады деп ойлаймыз. Ешқандай қауіп жоқ. Сумен ешқандай тас ағып келе жатқан жоқ. Жәй ағынды лай су келіп жатыр. Судың көлемі қалыпты жағдайда. Қазір мамандар тікұшақпен жоғары жақтан тағы да көріп шығады.

Тұрғындар үшін ауыз су мәселесі де шешіледі. Қаладан тасымалдайтын болады. Алматы су мекемесінің басшысы да осында. Қазір 30 су таситын көлік белгіленді. Су құбырлары жөнделеді.

Наурызбай ауданының халқымен кездесуге бара жатырмын. Сол кісілерге өзім барып мән-жайды түсіндіремін. Қажет болса осында қайтып келемін. Қарқынды су екі сағатта бәсендейді»,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар