Жапония көлемінде аптап ыстықтан 23 адам қаза тауып, 12,7 мыңнан астам кісі медициналық көмекке мұқтаж болған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жоғарыда көрсетілген статистика 5-11 тамыз аралығындағы көрсеткіш. Медициналық көмек алған адамдардың жалпы саны – 12 751 адам. Ел астанасынан 1,46 мың адам, Саитама қаласынан 977, Осака қаласынан 897 адам ауруханаға жеткізіліпті.
Мыңдаған адамның аурухана төсегіне таңылуына басты себеп – елдегі температураның 39 градусқа дейін көтерілуі.
Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, Жапониядағы аптап ыстық әлі екі аптаға созылмақ. Адамдар күндіз көшеге шықпауға және көп су ішуге тырысып бағуда.
Пікір қалдыру