Сиыр етін тұтынуға тыйым салды

/image/2019/08/15/myasopofrantsuzskivduxovkeizgovyadini_350fed7c.jpg

 

Сиыр фермалары әбетте барлық мал фермаларына қарағанда Парниктік газдарды ең көп шығарады. 2016 жылғы Ұлы Британияның Климаттық Өзгеріс Комитеті таратқан зерттеу қорытындысында сиыр және қой фермалары барлық ауыл шаруашылығынан шығатын парниктік газдардың 58%-ін түзген.

Ал тек сиыр фермаларының өзі барлық ауыл шаруашылығынан шығатын парниктік газдардың 41% ұстаған. Ал барлық мал фермалары Әлемдегі барлық парниктік газдардың 14.5% құрайды екен. Демек ғаламдық жылынуға басты себепшілердің бірі сиыр фермалары деп көрсеткен.

Бұл ғалымдардың көрсетуі бойынша егер біз тұтынушылық әдетімізді (тағамдарды) өзгертпесек 2050 жылға барғанда жершарының температурасы 2°С -қа көтеріп, сиыр фермаларының шығаратын газы 30%-ке жетеді екен.

Авторлардың айтуы бойынша сиыр етін отқа қақтап пісіргенде көптеген зиянды көмір қышқыл газы шығумен бірге фирмаларынан метан газы көптеп бөлінеді екен. Ал бұл метан газының парниктік еффекіті көмір қышқыл газына қарағанда 25 есе жоғары.

Сөйтіп, әлемдегі сиыр етін тұтынуы қатты өсіп келе жатқанына (мысалы Қытайда сиыр етін тұтынуы соңғы 15 жылда 20 есе өскен) алаңдаған ғалымдар ғаламдық жылынудың 56%-на адамдар тікелей себепші болып отыр дейді.

Соңында адамдарға Golsmiths Университетінен үлгі алып ет өнімдерін аз тұтынып, өсімдіктер мен көбірек азықтануды ұсыныпты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар