Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стюарт Маклелланмен (27-3-3, 11 КО) кездесу өткізді. Он раундтық жекпе-жектің бесінші раундында жерлесіміз қарсыласын нокаутқа түсірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.
Нокаутқа дейін Әлімханұлы канадалықты екі рет нокдаунға жіберген болатын.
26 жастағы қазақстандық үшін бұл кәсіпқой рингтегі жетінші жеңісі. Ал қарсыласы төртінші рет жеңіліп отыр.
Посмотреть эту публикацию в InstagramВот так Жанибек Алимханулы завершил свой седьмой бой в профи. #kaz #boxing #alga
Айта кетсек, канадалық жекпе-жекке дейін Әлімханұлының комедиялық фильм персонажы Бораттың киіміндегі суретін жариялаған болатын. Кейін қазақстандықтардан кешірім сұрады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстандық боксшы өзінің Instagram парақшасында жеңісімен барша қазақ халқын құттықтады.
"Бұл менің жеңісім емес, елдің жеңісі. Біздің мақсат – әлемге қазақ стилін танымал ету. 4 салмақта әлем чемпионы атану", - деп жазды спортшы.
Пікір қалдыру